Үздік 50 компанияның арасында Beeline алғашқы бестіктің қатарына кірді

АЛМАТЫ. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Exclusive» іскерлік басылымының рейтингі бойынша Beeline үздік 50 компанияның арасында бестіктің қатарына енді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат «КаР-Тел» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2002 жылдың сәуір айынан бастап жарық көріп келе жатқан «Exclusive» журналы үздік іскерлік басылым ретінде 2 рет Президент сыйлығымен марапатталған болатын. Онда 5 жылдан бері елдегі ең үздік 50 компанияның рейтингі жасалады. Кәсіпорындардың жоғары және орта буындағы менеджерлері арасында жүргізілген сауалнама мен фокус-топтар арасындағы сұрау салудың қорытындысы бойынша «КаР-Тел» ЖШС-нің Beeline сауда белгісі ұялы байланыс операторлары арасында үздік шығып, ең озық 50 компанияның арасында бесінші орын алды. Жалпы мұндай жоғары жетістікке өз салалары бойынша БТА банк пен «Мега» брендтері де ие болып отыр.
Соңғы жаңалықтар