Үздік авторлық бағдарлама ұсынған ұстаздар марапатталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда білім беруде үздік авторлық бағдарлама ұсынған қазақстандық ұстаздар марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Мектеп мұғалімдері арасында бұл байқау 5 жылдан бері өткізіліп келеді.

Жыл сайын республикалық маңызы бар мектептер мен балабақша тәрбиешілері, «Назарбаев зияткерлік мектебі» АҚ ұстаздары білім беру саласындағы авторлық жобаларын ұсынады. Биыл байқауға 278 маман қатысты, оның ішінде 249 жоба төрешілер назарына ұсынылды.

Кейбір жобаларды мұғалімдердің тобы орындаған.

Өңірлерде ұсыныстар шілдеден бастап қабылданады. Қараша айында аймақтық турларда жеңген үміткерлер финалдық байқауда бақ сынайды.

«Рухани жаңғыру қоғам мәселесін шешудің басты қағидасы. Уақыттың қойып отырған жаңа талаптары Қазақстанның білім саласының да жаңа өмірге сай болуын талап етеді. Инновациялық технологияларды, заманауи оқу құралдарын енгізуге мұғалім мәртебесін көтеру, үздік тәжірибені анықтау және тарату, педагог кәсібилігін дамытуға бірінші басымдық бермей қол жеткізу мүмкін емес», - деді «Дарын» РҒПО педагогикалық шеберлік зертханасының меңгерушісі Айгүл Қарқұлова.

Байқау нәтижесінде 249 жобаның 17-сі үздік деп танылып, 23 адам марапатталды. Марапаттау Алматыдағы Алатау шипажайында өтті.

 

Соңғы жаңалықтар