Үздік футболшы кім: Лионель Месси ме, Неймар не Криштиану Роналду ма?
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін түнде Швейцарияда әлемнің үздік футболшысы - «Алтын доп» иегері анықталады.
Айта кету керек, әлемнің ең үздік ойыншы атағына Испания чемпионатындай ойнайтын үш футболшы үміткер болып отыр. Олар: «Барселонаның» қос шабуылшысы, аргенитналық Лионель Месси мен бразилиялық Неймар және «Реалдың» шабуылшысы, португалиялық Криштиану Роналду.
«Алтын доп» жүлдесін табыс етудің салтанатты шарасы Астана уақытымен сағат 23:30-да басталады. Әлемнің футболсүйер қауымы көз тіккен осы рәсімді «Eurosport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді деп күтілуде. Сондай-ақ оны FIFA-ның ресми сайтыннан көруге болады.