«Үздік мұғалім-2012» байқауының жеңімпазына пәтер берілді

АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы Конгресс-Холл сарайында Ұстаздар күніне арналған салтанатты жиын болып өтті. Оған Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов пен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов қатысты.
None
None

Кәсіби мереке қарсаңында дәстүр бойынша қалалық білім жүйесінің үздік қызметкерлері аталды. ҚР Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов биылғы жылы елордалық мектептерден 28 мұғалім қатысқан «Үздік мұғалім-2012» байқауының жүлдегеріне пәтер кілтін табыстады.  Байқаудың Гран-при иегері Күлзипа Қылышбаева № 5 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Сонымен қатар, ҚР Білім және ғылым министрі «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісін № 54 мектеп-лицейдің мұғалімі Бақыт Түлкібаеваға, № 60 мектеп-лицейдің мұғалімі Прядко Стеллеге тапсырды.  Сондай-ақ, министр қолынан Ы.Алтынсарин атындағы медальді  № 50 мектеп-лицейдің мұғалімі Рабиға Иманқұлова, № 36 орта мектептің директоры Вадим Моторин және Астана қаласы білім басқармасының әдістеме кабинетінің меңгерушісі Әсият Қоржықова алды.

Бір топ ұстаздар ҚР БҒМ-нің алғыс хаттарымен және құрмет грамоталарымен марапатталды.

Мұғалімдерге арналған салтанаттың ресми рәсімінен соң шара мерекелік концертке жалғасты.

Айта кету керек, осы күні Астана әкімдігінде И.Тасмағамбетов елорданың үздік білім мекемелеріне наградалар мен жүлделер, сондай-ақ, 10 ұстазға пәтер кілтін табыстады.

2012-2013 оқу жылында Астана қаласында 70 мемлекеттік мектеп жұмыс істейді, оларда 83568 оқушы білім алуда.

Соңғы жаңалықтар