Үздік оқытушыға ? жаңа пәтер

АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Астанадағы Конгресс-холл сарайында қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов «Үздік ұстаз - 2008» байқауының жеңімпаздарын марапаттады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.И.Тасмағамбетов байқаудың жүлделі орындарын иеленген қатысушыларға бір айлық жалақы көлеміндегі сыйақылар мен ноутбуктер тапсырды. Ал «Үздік ұстаз - 2008» байқауының жеңімпазы атанған Астана қаласының № 4 мектеп-гимназиясының мұғалімі Гауһар Шалдыбаеваға жаңа пәтердің кілтін табыс етті. Байқаудың қорытындысы бойынша бірінші орынға №35 мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Бақытгүл Сыздықова және «Зерде» мектебінің география пәнінің ұстазы Құралай Байтажикова ие болса, екінші орынды №54 мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Лейла Абдуллаева және №52 мектеп лицейінің қазақ тілі мұғалімі Раушан Сапарбаева иеленді. Ал үшінші орынды №1 Математикалық-экономикалық лицейдің химия мұғалімі Оксана Дюк және №2 мектеп-гимназиясының география пәнінің ұстазы Ришад Михалев алды. Жалпы, биылғы «Үздік ұстаз - 2008» байқауына Астанадағы 43 мектептің 129 мұғалімі қатысты.
Соңғы жаңалықтар