Үздік өнертапқыштар анықталады -«Шапағат» байқауы

АСТАНА. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат /Райхан Қоңыр/ - Сәуірдің 24-інде Астанада ҚР Әділет министрлігі Ұлттық меншік құқығы комитеті,

Үздік өнертапқыштар анықталады -«Шапағат» байқауы
«Интеллектуалдық меншік ұлттық институты мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының» ұйымдастыруымен өнертабыс саласындағы жетістіктер жөніндегі IV республикалық «Шапағат» байқауының қорытындысы жарияланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Байқау аясында ҚР Парламенті депутаттары мен Әділет министрлігінің, Сыртқы істер министрлігі мен Білім және ғылым министрлігінің, сондай-ақ басқа да құзырлы органдар өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өткізіледі. Мамандар елдің экономикалық дамуына инновациялық қызмет пен өнертапқыштық саланың қосатын үлесі жайлы ой-пікірлерін ортаға салады. Сонымен қатар өндірістік меншік саласында қол жеткізілген айтулы табыстарды насихаттап, осы салаға инвестиция тарту туралы ұсыныстар тыңдалады. Әрі тиімді жаңалықтарды өндіріске енгізу туралы сөз болады.Өнертабыс саласына қатысты жыл сайын өткізілетін бұл шара биыл алтыншы рет мәреге шықты. «Жылдың үздік өнертапқышы», «Әйел-өнертапқыш», «Ең жас өнертапқыш», «Ең белсенді өнертапқыш» , «Жас дарын» аталымының жеңімпаздары анықталып, Қазақстанның инновациялық дамуына қосқан үлесі үшін арнаулы дипломдар табыс етіледі. Шапағат-2009 байқауында Бүкілдүниежүзілік интеллектуалдық меншік ұйымының қазақстандық өнертапқыштарға тағайындаған марапатының иесі айқындалады.