Үздік үштікке бірде бір қазақ боксшысы енбей отыр - АИБА рейтингі

АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Халықаралық бокс федерациясы кеше әлемдік рейтингтің қорытындысын шығарды.

Үздік үштікке бірде бір қазақ боксшысы енбей отыр - АИБА рейтингі

Бір қызығы, мұндағы тізімде  бірде бір қазақ жігіттері үздік үштікке енбей отыр, деп жазады «Аламан» ұлттық спорт порталы. АИБА-ның бұл рейтингі тек құрлықтық біріншіліктердің нәтижесімен әлі тұр. Сонымен, » бір түрлі» рейтингке бір үңіліп көрелік.

49 кг. 1. Ен Хун Шин ( Корея). 2. Салман Ализада (Әзірбайжан), 3. Цзоу Шимин (Қытай).

Бұл салмақта Азамат Исақұлов 31 орында. Біржан Жақып енбеген...

52 кг. 1. Миша Алоян (Ресей). 2. Эндрю-Кристофер Селби (Уэльс). 3. Элвин Мамишзаде (Әзірбайжан).

Бұл салмақта Ілияс Сүлейменов 17 орында. Нұрлан Әбжанов 59 сатыға жайғасыпты.

56 кг. 1. Анвар Юнусов (Тәжікстан). 2. Лазаро Альварес Эстрада (Куба). 3. Люк Кэмпбелл (Англия).

Мәди Шолақов 33 сатыда.

60 кг. 1. Яснель Толедо Лопес (Куба). 2. Доменико Валентино (Италия). 3. Василий Ломаченко (Украина).

Ғани Жайлауов 9 орында.

64 кг. 1. Томас Ли Сталкер (Англия). 2. Эвертон Дос Сантос Лопес (Бразилия). 3. Мункэрден Уранчимег (Моңғолия).

Алмасбек Әлибеков 36 орында.

69 кг. 1. Тарас Шелестюк (Украина). 2. Кришан Викас (Үндістан). 3. Фрэдди-Уильямс Эванс (Уэльс).

Серік Сәпиев 7, Рүстам Сыбаев 13 орында

75 кг. 1. Евгений Хитров (Украина). 2. Риота Мурата (Жапония). 3. Даррен О'Нилл (Ирландия).

Данабек Сужанов 32 орында тұр.

81 кг. 1. Хулио Сезар Лакруз Пераза (Куба). 2. Дамьен-Данкан Хупер (Австралия). 3. Джозеф Уорд (Ирландия).

Әлібек Ниязымбетов алтылықты қорытындылап тұр.

91 кг. 1. Теймур Маммадов (Әзірбайжан). 2. Ван Сюаньсюань (Қытай). 3. Александр Усик (Украина).

Василий Левит 27, Данияр Үстембаев 31 сатыда

+91 кг.1. Магомедрасул Меджидов («з3ржан). 2. Филип Хргович (Хорватия). 3. Роберто Каммарелле (Италия).

Досжан Оспанов 8 орында. Ал Дычко жоқ.