Үздік ұстаздардың есімдері «Астана қаласы білім беру саласының алтын қорына» жазылады
АСТАНА. 28 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада өтіп жатқан тамыз кеңесі аясында білім беру саласының озық қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті. Осыған орай Бауыржан Момышұлы атындағы Оқушылар сарайында «Жұлдызды шашу» фестивалі өтті.
Биыл елорданың білім беру саласына сіңірген жемісті еңбегі үшін «Тәуелсіздікке - 20 жыл» мерейтойлық медалімен қалалық Білім беру басқармасы бастығының орынбасары Людмила Курило, №3 педагогикалық кеңес беру орталығының меңгерушісі Раушан Асқарова, №35 «Ертегі» балабақшасы мектепке дейінгі дейінгі гимназияның меңгерушісі Татьяна Гурьева, Балалар көркемсурет мектебінің директоры Гүлзия Исенова, «Ақбұлақ» бастауыш мектебінің директоры Шолпан Аяпбергенова және «АСУ» гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры Вячеса Ли марапатталды. Ал Гуманитарлық колледждің директоры Әділхан Жүсіпов, «Мирас» халықаралық мектебінің директоры Елена Хамитова, №8 орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі Шолпан Әбуова, №2 кәсіби лицейінің директоры Иван Попович, «Көгілдір желкен» балабақша-гимназиясының директоры Анна Колосовская, №38 мектеп-гимназиясы орыс тілі мұғалімі Хадиша Шаймарданова, білім беру саласының үздігі Гүлнәр Жақыпова және Қазақ-түрік лицейінің ұстазы Ердем Ероглудың есімдері «Астана қаласы білім беру саласының алтын қоры» кітабына жазылатын болады. Сондай-ақ озық 19 оқытушыға ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табысталды.