Үздік жас қаламгер: елорданың 25 жылдығына орай байқау жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Елорданың 25 жылдығына орай Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы жас ақындар мен жазушыларды қолдау мақсатында «Үздік жас қаламгер» байқауын жариялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
None

Байқауға 14-35 жас аралығындағы елордалық жас ақындар мен жазушылар қатыса алады. Әр жүлделі 25 қатысушыға – 500 мың теңге қаржылай сыйлық қарастырылған.

Мақсат – жас ақындар мен жазушыларға шығармашылық дамуы үшін жағдай жасау және жастардың оң бастамаларына қолдау көрсету, туған елге деген ықылас пен махаббатты арттыру, қазақ халқының дәстүрлерін жан-жақты зерделеу арқылы жастардың ақындық шеберлігін шыңдау, ұлттық мәдениет арқылы отансүйгіштік сезімді дамыту, қазақ тілінің рөлін көтеру, дарынды жас ақындар мен жазушыларды анықтау және оларға шеберлігін шыңдауға мүмкіндік беру.

Байқауға қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

- конкурсқа қатысу туралы өтінім

- жас ақындар мен жазушылардың шығармалары.

Шығармалар 5 шілдеге дейін ujq_2023@mail.ru электронды поштасына жолдануы қажет.

Конкурс жөнінде толық ақпаратты Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасынан 8-701-830-65-30 телефон нөмірі арқылы алуға болады. Мекенжайы: Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 13.


Соңғы жаңалықтар