Ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға тек вакцина көмектеседі – дәрігер

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Қазақстанды ғана емес, бүкіл әлемді басып алған коронавирус пандемиясын жеңу үшін халық вакциналану процесінен өтуі тиіс. Мұндай пікірді Алматыдағы №36 қалалық емхананың бас дәрігері Гүлжайнат Тілеген білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Халықтың басым бөлігі вакцина алмайынша, біз індетті жеңуге көмектесетін ұжымдық иммунитетке қолжеткізе алмаймыз. Коронавирусқа қарсы вакцина біздің денсаулығымызды, жақындарымыздың денсаулығын сақтауға және адамдарды қалыпты өмір салтына қайтару үшін жасалған», - деді Гүлжайнат Тілеген.

Дәрігердің айтуынша, вакцина алмаған науқастың жағдайы ауыр болады, кейін ағза нашарлайды, инфекция тасымалдаушысына айналып тіпті қайғылы жағдайға душар болуы мүмкін.

«Адамдар КВИ-ге қарсы вакцинациядан кейін ауырып қалған жекелеген жағдайлар бар. Бірақ егер адам вирусқа қарсы иммунитетке ие болса, иммунитет вирусты өлтіреді. Аурудан 100% қорғай алатын бірде-бір вакцина жоқ. Дегенмен, COVID-19 вакцинасы қорғанудың тиімді әдісі. Өйткені, вакциналанған пациенттердің ауруы жеңіл әрі симптомсыз болады. Дерт асқынбайды, қайғылы жағдай болмайды», - дейді ол.

Бас дәрігер вакциналанған адамдардың ауруға шалдығуының себептерінің бірі вакцинациядан кейінгі кезең деп санайды, өйткені екінші компонент енгізілгеннен кейін иммунитетті қалыптастыру үшін орташа есеппен 3 апта үзіліс қажет.

Сонымен қатар, коронавирус инфекциясының алдын алу шараларын сақтау маңызды рөл атқарады.

«Көптеген науқас вакцинаны алғаннан кейін коронавирус инфекциясына қарсы барлық қауіпсіздік шараларын толық орындаудан бас тартады. Иммунитетті тек вакцина ғана емес, өмір салты, дұрыс тамақтану, ұйқы қалыптастыратынын айтқым келеді. Сондықтан біз барлық науқастарды вакцина алуға және медициналық қызметкерлердің барлық ұсыныстарын орындауға шақырамыз – адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болып, бетперде тағу қажет», - деді Гүлжайнат Тілеген.


Соңғы жаңалықтар