15:38, 25 Тамыз 2020 | GMT +5
Ұзын-сонар кезек: Алматыда «Қиял әлемі» саябағына ірі көлемде айыппұл салынды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Қиял әлемі» саябағы ұзын-сонар кезек үшін әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, «Қиял әлемі» паркіне қатысты карантин шараларын бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылған.
Саябаққа 230 АЕК мөлшерінде (638 940 теңге) айыппұл салынды.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде саябақтың кіреберісіндегі ұзын-сонар кезектің видеосы жарияланған болатын.