«Ұзынағаш-Отар» автомобиль жолы 2024 жылға дейін жөнделмек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Ұзынағаш-Отар» автомобиль жолы 2024 жылға дейін жөнделмек. Бұл туралы ҚазАқпарат Автомобиль жолдары комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Ұзынағаш-Отар» автомобиль жолы 2024 жылға дейін жөнделмек

ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті EH ESER Taahhut Ve Sanayi Anonim Sirketi түрік компаниясымен республикалық маңызы бар «Ұзынағаш-Отар» автомобиль жолының 101-143 шақырымындағы учаскесін реконструкциялау бойынша келісімшартқа қол қойды.

Реконструкциядан кейін жол білікке 13 тонна есептік жүктемемен 4 жолақты қозғалысы бар 1б санатты болмақ. Жоба бойынша ауыл шаруашылығы техникасының өтуі үшін 2 жол өтпесін және 32 су өткізу құбырын, сондай-ақ 6 автобус аялдамасын салу көзделген.

Реконструкцияны 2024 жылы аяқтау жоспарланып отыр.