Ұзынағаш-Отар учаскесінде 4 жолақты I-техникалық санатқа ауысу жоспарланып отыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қорғастан Қызылордаға дейін бірінші санатты тас жолы салынады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлім етті.
«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасын жүзеге асырғалы 2 028 шақырым жол учаскесінде жұмыстар аяқталды және Шымкенттен РФ шекарасына дейін Орынбор бағытында, және Тараз-Алматы учаскелері бойынша қозғалыс ашылды. Ағымдағы жылда Алматы -Қорғас (304 шақырым) Шымкент - Ташкент (100 шақырым) және Шымкент - Жамбыл облысы шекарасы (81 шақырым) учаскелерінде жұмыстар жалғасып жатыр. Бұл учаскелер жыл қорытындысы бойынша толығымен аяқталады және дәліздің толық бойында қозғалыс ашылады»,-деді министр.
Оның сөзіне қарағанда, Алматы-Бішкек тас жолында көлік ағымының екі есе артуына байланысты Ұзынағаш-Отар учаскесінде 4 жолақты I-техникалық санатқа ауысу жоспарланады. Учаскені қаржыландыру Дүниежүзілік Банк қарызынан үнемдеу есебінен іске асырылатын болады.
«Қорытындысында Қорғастан Қызылордаға дейін бірінші санатты тас жолы салынады, бұл өз кезегінде жол апатын төмендетуге септігін тигізеді»,-деді Ә. Исекешев.