Ұзынағаш стансасындағы аулаларды су алып жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысы Ұзынағаш стансасында бірнеше ауланы су алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ауласын су басқан тұрғындар әлеуметтік желіге видео жариялады.

«Міне, жаңадан салынған көпірдің пайдасы. Не адам жүре алмайды, не мал өте алмайды. Ешқандай әрекет жасалмаса бір сағатта мына көшені су басады. Суды көріп тұрсыздар, лас, батпақ», - деді видео авторы.

Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі аталған видеоға қатысты түсініктеме берді.

«Ұзынағаш ауылына облыс орталығы - Талдықорғаннан қызметкер жібердік. Оларға жергілікті ТЖД қызметкерлері көмектеседі. Ең алдымен ол жерде арнайы канал жасалады. Сол каналмен су ағады. Биылғы аяздан жер тоң болып тұр. Судың сіңуі баяу. Сондай-ақ, кейбір жерлерде арық желісі таза емес. Қазір аталған аумақта қызметкерлер жұмыс істеп жатыр», - деді облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Азамат Жұртбаев.

Айта кету керек, Талдықорған қаласы маңындағы «Қызыл тас» саяжайын су алған болатын. Еріген қар суы тау етегінде тұратын тұрғындардың үйлерін алып кеткен болатын.

Видеодан  алынған скриншот

Соңғы жаңалықтар