Ұзынағашта референдумда таңдауын жасаған 100 жастағы әжей жиналғандарға бата берді

ҰЗЫНАҒАШ. ҚазАқпарат - Республикалық референдумда Ұзынағаш ауылының тұрғыны 100 жастағы қарт әжей дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұзынағашта референдумда таңдауын жасаған 100 жастағы әжей жиналғандарға бата берді

Төлеухан Тұмарбаева сайлау учаскесіне шөбересімен бірге келді. Апамыз 1922 жылдың 1 қаңтарында дүниеге келген.

Кейуана үш ұл, бір қызды өмірге әкелген. Олардан 18 немере, 56 шөбере, 2 шөпшек сүйіп отыр.

Ғасыр жасаған әжей еліміздегі саяси науқандар мен тың өзгерістерге белсенді қатысып келеді.

Т. Рысқұлов атындағы орта мектебінде орналасқан №263 сайлау учаскесінде жиналған дауыс берушілерге Төлеухан апа ақ батасын берді.