Ұзындығы Big Ben мұнарасының биіктігіне жететін ұшақ жасап шығарылды - ФОТО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдегі ең ұзын 94 метрлік HAV304 ұшағы жасап шығарылды. Оның ұзындығы Big Ben мұнарасының биіктігіне жетіп қалады, деп хабарлайды The Daily Mail.

Ұзындығы Big Ben мұнарасының биіктігіне жететін ұшақ жасап шығарылды - ФОТО

Аталған ұшақ бұған дейін ең ұзын болып саналған Ан-225-тен 8 метрге ұзын. Бірақ бұл әлі бір-ақ артықшылығы. Оның тағы бір ерекшелігі бар. Бұл ұшақ жартылай ұшақ, жартылай дирижабль, яғни гибрид болып табылады. Алып гибрид Ұлыбританиядағы Бедфордшир ангарында тұр. Одан басқа жерге ол сыймайды. Әуе кемесі Атлант мұхитын еш қиындықсыз кесіп өте алады. Оның жылдамдығы сағатына 100 миль және ол әуеде үш жарым аптадан артық уақыт бола алады.