Ұзындығы бір шақырымнан асатын шұжық Гиннесс рекордтар кітабына енді

БЕЙЖІҢ. 5 ақпан. ҚазАқпарат - Қытайдағы Шыңжаң-Ұйғыр автомномиялық өлкесінде «Вантун» мал өсіру фермасының жұмыскерлері жылқы етінен алып шұжық дайындады.

Ұзындығы бір шақырымнан асатын шұжық Гиннесс рекордтар кітабына енді

Дәмді тағамның ұзындығы 1111 метрді құрады, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

Өткен демалыс күндері ҚХР ШҰАӨ-нің Шәуешек округі Эминь уезінде Ұлттық ас үйінің аптасы өтті. Шараның аясында көрермендердің назарына аспаздық туынды - ұзындығы бір шақырымнан асатын жылқы етінен жасалған шұжық ұсынылды. Оны дайындау үшін 5 тоннадан артық жылқы еті жұмсалды. Жергілікті аспаздар тағамды дайындау үшін 9 күн еңбектенді.

Шыңжаңда дайындалған деликатес әлемдегі ең ұзын жылқы шұжығы болып, Гиннесс рекордтар кітабына енгізілді.