В.Алекперов: мұнайдың орташа бағасы жылына кемі $50/барр. құрайтын болады

МӘСКЕУ. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат – 2009 жыл бойынша мұнайдың орташа бағасы жылына кемі $50/барр. құрайтын болады. «ЛУКОЙЛ» ҰК басшысы Вагит Алекперов Russia Today-ге берген сұхбатында осындай пікір білдірді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.«Біздер оптимиспіз және жалпы жыл бойына мұнай бағасы кемі 50 долл. (баррель үшін) болады, өйткені, бұлай болмаған жағдайда мұнай компаниялары болашақ біздің тұтынушыларымызға энергия көздерін тұрақты жеткізіп беруге кепіл бола алмайды», ? деп ол өз пікірімен бөлісті. В.Алекперовтың бағалауынша, мұнай компанияларының жеткізіп беруін қамтамасыз етуіне мүмкіндік беретін және дағдарыстан шығу кездегі бағаның күрт өсіп кетпеуіне жол бермейтін мұнайдың шынайы бағасы 70-тен 90 долл./барр. дейінгі аралығында болып отыр.Мұнайдың әлемдік бағасы әзірге 40-тан 45 доллар ауқымында ауытқиды. Nymex-тегі техастық Light Sweet мұнайының құны бейсенбіде барреліне 41,44 долларға дейін төмендеді.
Соңғы жаңалықтар