V Алматы марафонына тура бір ай қалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- V Алматы марафонына тура бір ай қалды. Ол алдағы 24 сәуір күні Алматы қаласында өтеді. Ұйымдастыру комитетінің хабарлауынша, әзірге қайырымдылық жарнасы 3000 теңгені құрайды. Ал сәуір айында ол 4 000 теңге болады.

V Алматы марафонына тура бір ай қалды

«Алматы марафонына www.almaty-marathon.kz сайтымыздағы онлайн-тіркелу әлі жалғасуда. Сондықтан, барлық әуесқойларды қайырымдылық жарна сомасы 3 000 теңге болып тұрғанда тездетіп тіркелуге шақырамыз. Марафонның қайырымдылық мақсаты - «АРДИ» (Мүгедек балалардың ата-аналары қауымдастығы) орталығына тірек-қимыл жүйесін қалпына келтіруге арналған жабдықтарды сатып алу», - деді осыған орай ұйымдастыру комитетінің директоры Салтанат Қазыбаева.

Естеріңізге сала кетейік, биыл тіркелу айы бойынша градация енгізілді. Сәуірде жарна сомасы 4 000 теңге болмақ. Бастапқы пакеттер 22-23 сәуірде өтетін Спорт жәрмеңкесі барысында беріледі. Алматы марафоны 24 сәуірде болады.

Биыл бұл шара барысында тұңғыш рет 10 шақырым қашықтықта «Скандинавия жүрісі» жарысы болады. Соның арқасында әуесқойлар Алматы Марафонын жүгіріп те, жылдам қадаммен жүріп те өте алады.