В.Божко: Әскери бөлімдер мен нысандарда қауіпсіздік ережелерін бұзудың 8 мыңға жуық жағдайы анықталды

АСТАНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Өткен жылы төтенше жағдайлар саласының өкілдері 1 мың 233 әскери бөлім мен әскери нысанды тексеріп, олардан және оқ-дәрі қоймаларында қауіпсіздік ережелерін бұзудың 7 мың 803 жағдайын анықтады.

В.Божко: Әскери бөлімдер мен нысандарда қауіпсіздік ережелерін бұзудың 8 мыңға жуық жағдайы анықталды

Бұл туралы бүгін Төтенше жағдайлар министрлігінің 2011 жылы атқарған жұмыстарына байланысты өткен алқа мәжілісінде аталмыш ведомство басшысы Владимир Божко мәлім етті.

Оның деректерінше, осы жүргізілген тексерулердің нәтижесінде 939 лауазым иесі әкімшілік жауапқа тартылып, еліміздің соттарына әскери нысандардың жұмыстарын тоқтату жөнінде 29 талап-арыз енгізілді.