В.Божко Қазақстандағы көктемгі су тасқынында қаза тапқандардың нақты санын айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко ОКҚ брифингінде су тасқыны кезінде қаза тапқандардың нақты саны туралы мәлім етті.
None
None

«Кейбір БАҚ-та біз қаза болғанлардың нақты санын жасырып отырмыз деген ақпарат таратылды. Мен сегіз жыл бойы айтып келемін: біз ешқашан ештеңені жасырмаймыз. Биылғы су тасқынында Ғабиден Мұстафин ауылында екі егде ерлі-зайыпты адам қайтыс болды. Және үшінші бір адам тасқын суға өзі секіріп, опат болды. Біз оны суицид құрбаны деп есептедік. Яғни су тасқынында жаңағы екі қарт қайтты, олар су тасқыны болатынын естісе де, ауылдан кетпеген», - деді В Божко.

Сонымен қатар, В. Божко Республиканың әр облысында су тасқынының тигізген зардабы туралы мәліметтерімен бөлісті.

«Нақты шығын әлі есептеліп жатыр, бірақ осы бастан айтайын, шығын миллиардтап саналады. Қазір Ақмола облысының есебі дайын. Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстары 800 млн теңгеден қаражат сұрап отыр. Қарағанды облысындағы шығын 8-9 млрд. теңге, Ақмолада да сондай болады. Бірақ, бұлардың барлығы әлі толық емес деректер. Электр желілері мен байланысты қалпына келтірген қаражат әлі саналған жоқ», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар