В.Челах «Арқанкерген» заставасындағы қылмыстың себебін түсіндірді

АСТАНА.  13 маусым. ҚазАқпарат -  Владислав Челах не себепті шекарашыларды өлтіргендігін түсіндірді. Бұл туралы бүгін Бас прокуратурада  өткен брифингте В. Челахтың тергеу барысында көрсетілген бейнематериалында жазылған.

В.Челах «Арқанкерген» заставасындағы қылмыстың себебін түсіндірді

Оның айтуынша, шекара бекетінде оны жиі кемсіткен көрінеді. Осындай жанжалдардың бірі 28 маусым күні нарядты жіберу кезінде орын алған.

Брифингіде сондай-ақ В.Челах тауда жүргенде шекарашылардың бірінің фотоаппаратымен түсірілген фотосуреттер және бейнежазба көрсетілді.