18:02, 07 Қазан 2013 | GMT +5
В.Челахтың анасы Жоғарғы Сот төрағасымен кездесті
АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Бектас Бекназаров азаматтарды кезекті қабылдауды өткізді.

Оған өмір бойы бас бостандығынан айырылған сотталушы Владислав Челахтың анасы С.Ващенко қатысты, деп хабарлады ҚР Жоғарғы Соттың баспасөз қызметінен.
С.Ващенко баласына қатысты іс бойынша шығарылған сот актісін қадағалау тәртібімен қайта қарау туралы өтінішін білдірді. Оның шағымын тыңдай келіп, Б. Бекназаров Жоғарғы Сотта комиссия құрылатындығын атап өтті. Оның құрамына осы іс бойынша бұған дейін қадағалау ісін қозғаудан бас тартқандардан басқа қылмыстық істер бойынша қадағалаушы алқасының судьялары кіретін болады және тек комиссияның қорытындысының нәтижелері бойынша ғана Жоғарғы Сот төрағасы түпкілікті шешім қабылдайды.