В.Демьяненко өз жеңісін барлық қазақстандықтарға арнады
АСТАНА. 25 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстанның кәсіби боксшысы Виталий Демьяненко өзінің кезекті жеңісін барлық қазақстандықтарға арнады.
Жақында АҚШ-тың Атлантик-сити қаласында өткен кезекті додада ол Ганц Ай Брюсты жеңді. Сегіз раундтан кейін барлық төрешілер қазақстандық боксшының жеңісін бірауыздан мақұлдады. Бұл - Виталийдің кәсіби бокстағы 20-шы жекпе-жегі. Оның барлығын ол жеңіспен аяқтады.
Осы турнирден кейін, жеңімпаз бірден Қазақстанға хабарласып: «Мен бұл жеңісімді барлық қазақстандықтарға арнаймын. Барлығыңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймын»,- деп өз қуанышын қазақ тілінде жеткізді.