Вьетнам президенті Хо Ши Миннің 64 жыл бұрынғы Қазақстанға ресми сапары

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Вьетнамда жүр. Осыған орай Борт №1 арнасы Вьетнамның тұңғыш президенті Хо Ши Мин мырзаның 1959 жылғы Қазақстанға алғашқы сапарын еске алды.

Вьетнам президенті Хо Ши Миннің 64 жыл бұрынғы Қазақстанға ресми сапары
Фото: t.me/bort_01

Бүгін Президент өз сөзінде Вьетнамға Мемлекет басшысы ретінде алғаш рет келіп отырғанын атап өтті.

Бір заманда, сонау 1959 жылы Вьетнамның ұлттық көшбасшысы және тұңғыш президенті Хо Ши Мин елімізге дәл осындай сапармен ұшып келген болатын.

Оны Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Дінмұхамед Қонаев күтіп алды.

Хо Ши Мин мырза белгілі қазақстандық ғалым Қаныш Сәтбаевпен де кездесті.

Telegram aрна сол сапардың тарихи кадрларын бөлісті.