Вьетнам президенті отставкаға кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Вьетнам Ұлттық жиналысында дауыс беру нәтижесі бойынша ел президенті Чыонг Тан Шанг қызметінен босатылды. Жиналыстағы 473 депутаттың 447-сі осы шешімге дауыс берді, деп хабарлады Утро.ру.
Қазіргі уақытта Ханойда Ұлттық жиыналыс сессиясы өтіп жатыр, онда елдің атқарушы билігінің жаңа басшылары сайланады.
Алдағы күндері парламентте елдің жаңа президенті мен жаңа премьер-министрін сайлау бойынша дауыс беру рәсімі өтпек.
Аталған лауазымдарға генерал Чан Дай Куанг және қазіргі вице-премьер Нгуен Суан Фук сайланады деген болжам бар.
Екеуі де - Вьетнам Компартиясы ОК-ның саяси бюросының мүшесі.