Вьетнам Ресей, Беларусь және Қазақстан арасындағы кедендік одаққа кіруге ниеттеніп отыр

АСТАНА. 30 шілде. ҚазАқпарат - Вьетнам Социалистік Республикасы Ресей, Белоруссия және Қазақстан арасындағы кедендік одаққа кіруге қызығушылық танытып отыр.
None
None

Вьетнам президенті Чыонг Тан Шанг Нарьян-Мардағы баспасөз конференциясында өз елі мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуды көздеп отырғанын мәлімдеді.  Аталмыш үдерісті жеделдету үшін үш ел арасындағы кедендік одаққа кіру жеткілікті.  «Расында да РФ президенті Владимир Путин екеуміздің арамызда сауда тасымалдарының көлемін арттыруға байланысты ортақ ойларымыз бар. Егер еркін сауда туралы келісімге қол қойсақ, сапалы келіссөздерге көшеміз», - деп мәлімдеді Чыонг Тан Шанг.

Айта кетейік, еркін сауда туралы келісім бойынша келіссөздердің басталуы туралы екі ел өкілі 2012 жылдың қыркүйек айындағы Владивостокта өтетін Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық саммиті кезінде жария етуді жөн көрді,-деп жазады Еуразия бірінші арнасы.

Соңғы жаңалықтар