«Вьетнам телеарнасы кубогы» халықаралық турнирін қазақстандық волейболшылар сәтсіз бастады
АЛМАТЫ. 15 шілде. ҚазАқпарат - Волейболдан Вьетнам елінің Ниньбинь қаласында өтіп жатқан дәстүрлі «Вьетнам телеарнасы кубогы» халықаралық турнирінде Қазақстан-2 құрамасы қытайлық «Shandong», .
«Jiangsu» клубтарынан 0:3 есебімен ойсырай ұтылды. Соның салдарынан алғашқы 2 күннің қорытындысы бойынша турнир кестесінде соңғы орында келе жатыр.
Қазақстандық қыздар бүгін Тайландтың 20 жасқа дейінгі жастар құрамасымен кездеседі. Олар бұған дейін Австралия құрамасын 3:1 есебімен ұтып, дәл осындай есеппен «Shandong» клубына есе жіберген болатын.
Бұл жарыстың жартылай және ақтық ойындары 19-20 шілде күндері өтеді. Қазір турнир кестесінде 6 ұпаймен «Shandong» клубы көш бастап келе жатыр. Олардан «Jiangsu» клубының - 1, Вьетнам құрамасының - 2, Тайланд жастар құрамасының 3 ұпайы кем. Ал Австралия мен Қазақстан-2 құрамаларының қоржынында әзірге бірде-бір ұпай жоқ.