Вьетнам телевидениесі кубогы халықаралық турнирінде қарағандылық волейболшылар жартылай финалға шықты

АЛМАТЫ. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Вьетнамның Гиа Лай қаласында волейболдан әйелдер арасында өтіп жатқан "Вьетнам телевидениесі кубогы" VII Халықаралық турнирінің топтық сайыстары өтуде.
None
None

Онда ел намысын қорғап жатқан «Қарағанды» командасы қазір «А» тобында 6 ұпаймен көш бастап келе жатыр. Нұрлан Садықов жаттықтыратын қарағандылықтар алғашқы ойында вьетнамдықтардың «VTV-Binh Điền Long An» командасы мен Австралия құрамасын 3:0 есебімен ұтты. Ертең енді жарыс қожайындарының «VietsovPetro» командасымен кездеседі. Олардың да қоржынында 6 ұпай бар. Егер бұл ойында «қарағандылықтар» басым түссе, 9 наурызда жартылай финалда «В» тобында 2-ші орын алған командамен, ал екінші орын алса, «В» тобының жеңімпазымен кездеседі. Қазір бұл топта 5 ұпаймен Вьетнамның өнеркәсіп және коммерция банкінің «Ngân hàng Công thương» командасы көш бастауда. Одан кейінгі орындарда 2 ұпаймен Оңтүстік Кореяның «Yang Sang» командасы мен әзірге қоржыны бос келе жатқан жарыс қожайындарының «Tân Bình» командасы келе жатыр.

Соңғы жаңалықтар