Вьетнам: жоғалған танкерді қарақшылар басып алған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ханойдағы ресми тұлғалар Малак бұғазында жоғалған мұнай танкеріне қарақшылар шабуыл жасауы мүмкін деген болжам білдіріп отыр.

Вьетнам: жоғалған танкерді қарақшылар басып алған

Вьетнам билігі айтқандай, ауа райының қолайсыздығы мен техникалық ақаулықтар танкердің жойылуына себеп бола алмайды.

Бортында бес мың тоннадан астам мұнай болған Sunrise-689 кемесімен байланыс өткен бейсенбі күні ол Сингапур портынан шыққаннан 40 минут өткен соң үзілген.

Малайск жартылай аралы мен индонезиялық Суматра аралы қарақшылардың болуы салдарынан қауіпті деп есептеледі.

Соңғы екі жылда Оңтүстік-Шығыс Азияда қарақшылық оқиғалар көбейді. Олар көбіне мұнай танкерлеріне шабуыл жасайды.