Вьетнамда болған су тасқынынан 11 адам көз жұмды

АСТАНА. 17 қараша. ҚазАқпарат - Вьетнамның орталық бөлігінде болған кезекті су тасқыны кем дегенде 11 адамның өмірін алып кетті, деп хабарлайды РИА жаңалықтар агенттігі. Су тасқыны мен дауылды бақылау жөніндегі Ұлттық басқарманың мәліметтеріне сүйенсек, төрт адам, соның ішінде екі жасар қыз бала Тхыатхьен-Хюэ провинциясында, ал үш адам Куангнгай провинциясында мерт болған. Тағы үш адам басқа үш провицияларда қаза тапқан.

Вьетнамда болған су тасқынынан 11 адам көз жұмды

Басқарманың хабарлауынша, соңғы үш күнде аймақ бойынша 74 см мөлшерінде жауын-шашын болып, Вьетнам орталығында қазан айының басынан бергі су тасқынының төртінші толқынын шақырған.

Соңғы деректер бойынша, осы кезеңде табиғат апатынан құрбан болғандар саны 178 адамға жетті.