Вьетнамда дауыл қарсаңында 170 мың адам көшірілді
АСТАНА. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат - Вьетнам үкіметі Филиппинде 240 адамның өмірін қиған «Кетсана» дауылының жақындауына байланысты 170 мыңға жуық адам көшірді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Вьетнамның Куан Нгай провинциясында сейсенбі күні таңертең жаңбыр жауып, қатты жел тұрды. Қатты жел ағаштарды құлатты және электр беру желілерін істен шығарды. «Кетсана» Вьетнамға қарай сағатына 15 шақырым жылдамдықпен жылжып келеді.