Вьетнамда ең кәрі тасбақа өлді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ханойдағы Хаон Кием көлінде мекендеген алып тасбақа 19 қаңтардың кешінде өлді, деп хабарлайды Vietnam Breaking News. Атап өтілгендей, жергілікті тұрғындар мен барлық вьетнамдықтар үшін бұл өкінішті оқиға болып отыр.

Вьетнамда ең кәрі тасбақа өлді

Соңғы рет куәгерлер тасбақаның көлдің бетіне 21 желтоқсанда шыққанын көрген.

Шамаланып отырғандай, жасына жүздеген жыл болған тасбақа өзінің сиректігімен және Хаон Кием көлімен байланысты аңызбен әйгілі еді.

Бұрын көлде төрт тасбақа мекендеген, соның үшеуі Нефрит тауының Шіркеуі мен Ханой мұражайында тіршілік кешуде.

Қазіргі кезде осыған ұқсас небәрі үш дарасы сақталған. Олардың біреуі - Ханойдағы Донг Мо өзенінде, тағы екеуі - Қытайда мекендеуде.