Вьетнамда коронавирусқа шалдығып, жазылған адамдарды жұмысқа шақырып жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Болгарияның министрлер кабинеті эпидемиялық жағдайға байланысты төтенше жағдай режимін үш айға ұзартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.

Вьетнамда коронавирусқа шалдығып, жазылған адамдарды жұмысқа шақырып жатыр

Елде коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсіп, ауруханаға жатқызылған науқастар саны артты.

Вьетнамда COVID-19-дан емделіп шыққан науқастар ауруханаларда жұмыс істеуге шақырылды. Жоба Хошимин қаласында жүзеге асырылуда: вирустың өршуіне байланысты дәрігерлердің жүктемесі артып, мамандар үлгермей жатыр. Сонымен қатар, бүгінде Вьетнамда коронавируспен сырқаттанғандар бойынша тәуліктік антирекорд – 12 096 жағдай тіркелді.

Delta Air Lines авиакомпаниясы әр вакцинацияланбаған қызметкерінен ай сайын 200 доллардан ақы ала бастайды. Тасымалдаушы өз қызметкерлерін COVID-19 вакцинациясына итермелеу үшін айыппұл салған алғашқы ірі американдық компания болды. Шара медициналық сақтандырумен қамтылған және 2021 жылғы 1 қарашаға дейін екпе алмаған қызметкерлерге қолданылады.