Вьетнамда коронавирустың жаңа толқыны тарай бастады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Вьетнамда коронавирустың жаңа толқыны басталды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.
Ондағы мәліметтерге қарағанда, бір күн бұрын елде COVID-19-дың жаңа тәуліктік ең жоғары көрсеткіші тіркелді – 10 654 жағдай. Алдыңғы рекордтық өсім 14 тамызда тіркелді-9 716 адам.
Инфекцияның жаңа фактілерінің ішінде 15 жағдай сырттан тасымалданған. Бүгінгі таңда вьетнамдықтардың жалпы саны 312 611-ге жетті, олардың 7150-і қайтыс болды. Сонымен қатар осы уақытқа дейін елдің 94,5 миллионнан астам тұрғынының тек 15,9 миллионы вирусқа қарсы вакцина алды.