Вьетнамда сегіз адам есірткі контрабандасымен айналысқаны үшін өлім жазасына кесілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Вьетнам халықтық соты соңғы жылдары ірі есірткі саудасымен айналысқан сегіз қылмыскерге өлім жазасын кесу үкімін шығарды.
None
None

Сот үдерісі екі аптаға созылып, дүйсенбіде солтүстік вьетнамдағы Хоабинь провинциясында аяқталды.

Бұл туралы ТАСС хабарлайды.

Сот алдында 25 адам жауапқа тартылды, 17-сі 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын алды. Есірткі контрабандасынан тыс жазасын өтеушілер қару сақтағаны, кісі өлтіргені және лауазымды адамдарды параға жығумен айналысқаны үшін айыпты деп танылды.

Соңғы жаңалықтар