Вьетнамда серуен кемесі суға батып, үш адам мерт болды
АСТАНА. Қыркүйектің 26-сы. ҚазАқпарат - Вьетнам жағалауларында туристер мінген серуен катері аударылып, апатқа ұшырады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро. Ру сайтына сілтеме жасап.
Вьетнамдық Куангнинь провинциясының Халонг шығанағындағы кеме апатынан үш адам құрбан болды.
Серуендеу кемесінің бортында 24 турист болған, олардың ішінде 14-і - шетелдіктер, сондай-ақ вьетнамдық-гид және команданың 7 мүшесі болған.