Вьетнамда тәуелсіздіктің 70 жылдығына орай 17 мың адамға рақымшылық жасалмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Вьетнам үкіметі 2 қыркүйекте атап өтілетін тәуелсіздігінің 70 жылдығына орай социалистік республика тарихындағы аса ірі ауқымдағы рақымшылық жасауды жоспарлап отыр.

Вьетнамда тәуелсіздіктің 70 жылдығына орай 17 мың адамға рақымшылық жасалмақ

Бұл туралы кеше Вьетнам қоғамдық қаупсіздік министрлігі жанындағы қылмыстық-атқару бас басқармасы басшысының міндетін атқарушы генерал-майор Нгуен Нгок Банг мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС .

« Осы жылғы рақымшылық бойынша 16 мыңнан 17 мыңға дейін адамның бостандыққа шығуы күтілуде»,-деді ол Вьетнам ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында.