Вьетнамда тайфун құрбандарының саны 32 адамға жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Вьетнамның солтүстік және орталық аудандарында «Сон-Тинх» тайфунының салдарынан болған су тасқындары мен лай көшкіндері кем дегенде 32 адамның өмірін қиды.

Вьетнамда тайфун құрбандарының саны 32 адамға жетті

АЗЕРТАДЖ агенттігі Вьетнам үкіметінің мәліметтеріне сүйеніп хабарлауынша, тағы 17 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында.

«Сон-Тинх» тайфуны өткен аптаның сейсенбісінде Оңтүстік Кореяда пайда болған еді. Екі күннен кейін Вьетнамға лап қойды. Көптеген аудандар қуатты нөсерлерден зардап шекті, олардың арасында ел астанасы - Ханой бар.

Топан су 5 мыңнан астам үй мен ғимаратты шайып кетті немесе қиратты. 82 мың гектарға жуық ауылшаруашылық жерлері су астында қалды.