Вьетнамда жаңа президент сайланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Вьетнам парламенті елдің жаңа президентін сайлады. Бұл лауазымға елдің ішкі қауіпсіздік қызметінің бұрынғы басшысы Чан Дай Куанг ие болды, деп хабарлады Би-би-си.

Вьетнамда жаңа президент сайланды

Дауыс беру нәтижелері жарияланғаннан кейін жаңа президент Коммунистік партия мен ел халқына адалдығына ант берді.

Би-би-си тілшісі атап өткендей, Вьетнам арнайы қызметі оппозиция өкілдерін қудалағаны үшін жиі сынға ілігеді.

Батыс елдері Вьетнам билігін ел азаматтарына өз пікірін еркін білдіруге мүмкіндік беруге шақырады, бұл жағдайда елге экономикалық көмек көрсетіледі.