Вьетнамдықтар буйволдарды шайқастырып қызыққа батты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Вьетнамда халық құйып тұрған нөсер жаңбырды елеместен жылда тойланатын мерекеге көп жиналды. Енекелер (буйволдар) сайысына арнайы таңдалып, үйретілген 32 жануар қатысқан.
Айта кетер жайт, шайқас уақытында шектеу жоқ, деп хабарлайды 24.kz. Яғни, дода олардың бірі болдырғанға дейін жалғасады. Жеңіске жеткен жануардың жаттықтырушысы ақшалай жүлдеге ие болады. Ал сайысқа қатысқан буйволдардың барлығы кейін бауыздалып, еті сатылады. Жергілікті тұрғындар оны жеген адамның ісі алға басады деген сенімде.