Вьетнамның солтүстігінде қар жауды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Вьетнамның ұлттық гидрометеорологиялық орталығының хабарламасы бойынша, осы тропикалық елдің солтүстігінде температура нөлден төменге түсті. Бұдан басқа, Лаокай, Лайчау, Хазянг, Лангшон провинцияларында қалыңдығы 10 сантиметр болатын қар түсті.
Мұндай аномалиялық суық температура мен қалың қар жергілікті өсімдік шаруашылығына, гүл, көкөніс плантацияларына зиян келтіруде. Вьетнам астанасы Ханоезада + 5,4 градус рекордтық төмен температура тіркелді.
Болжамға сәйкес ел солтүстігіндегі суық тағы бір-екі күнге созылады.