В.Фоос корейлік байқаушылармен кездесті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос Корея Республикасы Ұлттық сайлау комиссиясының өкілдерімен кездесті.
В. Фоос Корея делегациясының мүшелерін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын және барлық деңгейдегі мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі науқан барысымен таныстырып, делегация мүшелерінің сайлау заңнамасына және сайлаудың түрлі кезеңдеріне қатысты сұрақтарына жауап берді.
Кездесуге қатысушылар сондай-ақ электораттық процестерді қамтамасыз ететін ақпараттық технологиялар саласында ықтимал ынтымақтастықтың мәселелерін талқылады.
«Қазақстан Республикасы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан көптеген байқаушылар шақырды. Бұл Қазақстанның сайлауды ашық және айқын өткізуін көрсетеді. Бұл - сіздердің мемлекеттеріңіздің сенімділігінің куәсі», - деп атап көрсеткен делегация басшысы Лим Чай Мэн сайлауды өткізуде табыс тіледі.
Корея делегациясының құрамына Корея Республикасы ҰСК Қызмет көрсету құралдары жөніндегі бөлімінің директоры Лим Чай Мэн, Корея Республикасы ҰСК Инспекциялар бөлімінің директоры Ким Ох-Таек, Корея Республикасы ҰСК Кадрлар бөлімінің бас қызметкері енді.