В. Козлов тіркелмеген «Алға!» партиясының белсенді мүшелеріне материалдық сыйақылар беріп отырған және бұл сомалардың ешқандай салықтары төленбеді

АҚТАУ. 5 қыркүйек. ҚазАқпарат - Владимир Козлов тіркелмеген «Алға!» оппозициялық партиясының белсенді мүшелеріне материалдық сыйақылар беріп отырған.

В. Козлов тіркелмеген «Алға!» партиясының белсенді мүшелеріне материалдық сыйақылар беріп отырған және бұл сомалардың ешқандай салықтары төленбеді

Бұл туралы бүгін Ақтаудағы сот отырысының барысында куәгер ретінде сөз сөйлеген аталған партияның Үйлестіру комитеті төрағасының міндеттерін атқарушы Михаил Сизов хабарлады. 

Оның айтуынша, В.Козлов партия үшін аймақтардағы жылжымайтын мүлікті сатып алуға және оны ұстауға, бұдан басқа, автомомбильдердің жанар-жағармайларына және кеңсе заттарын сатып алуға қаражат бөлген, сондай-ақ партияның ең белсенді мүшелеріне материалдық сыйақылар беріп отырған. Бұл мақсаттар үшін ол Мұратбек Кетебаев (партия мүшесі) есімді бір адамнан 100 млн. теңге алған да болатын, алайда бұл төлемдердің ешқандай зейнетақылық және салықтық есептеулері жасалмады. М.Кетебаев идеология мәселелерімен айналысқан және партияның қызметіне қаржылық қолдау көрсеткен, қазіргі кезде ол шетелде жүр. М.Сизовтың хабарлауынша, партияның филиалдары республиканың барлық облыстарында және Семей мен Текелі қалаларында болды.