В.Мұстафина: 5 реформаны жүзеге асыру - Қазақстанның болашағы үшін маңызды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасын жүзеге асыру Қазақстанның болашағы үшін өте маңызды, деп есептейді сарапшы Венера Мұстафина.
«Мемлекет басшысы реформаны жүзеге асыру жолында бүгін-ақ алғашқы қадам жасады. Қазақстан Президенті жанынан құрылған жаңғырту бойынша Ұлттық комиссия атқарылатын шаралардың жоғары деңдейде орындалуын қамтамасыз етеді. Оның құрамына тәжірибесі жоғары кәсіби мамандар кірді. Халықтық реформаның сапалы жүзеге асуы кез-келген азамат пен азаматтық қоғам секторлары қызметінің сауатты үйлестірілуіне байланысты. Комиссия мүшелері осы бағыттағы шараларды жоғары деңгейде атқаратынына сенімдімін», - деді ол.
Елбасы стратегиялық тұрғыда Халықаралық консультативтік кеңестің халықаралық тәжірибесін пайдалануды жоспарлауда, деп атап өтті сарапшы.
«Комиссия реформаларды сапалы жүзеге асыруға қажетті барлық өзекті мәселелер талқыланып, шұғыл шешім қабылданатын құрылым болады деп сенемін», - деп түйді В.Мұстафина.