18:06, 31 Желтоқсан 2015 | GMT +5
В. Путин 1 қаңтардан бірқатар РФ министрліктері мен ведомстволарының штатын қысқартты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Президенті Владимир Путин бірқатар ресейлік министрліктер мен ведомстволардың штатын қысқартты, оның ішінде Кремльдің Іс басқармасы да бар.

Тиісті жарлық құқықтық ақпарат ресми интернет-порталында жарияланды.
Қысқартуға ТЖМ, Қорғаныс министрлігі, әскери-техникалық ынтымақтастық бойынша федералдық қызмет, ТМД істері бойынша федералдық агенттік және РФФҚ ілікті, деп жазды РИА Новости .
Жарлық 2016 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді.