В.Путин әкімшілік қызметкерлерінің жалақысы қысқаратынын хабарлады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Президенті Владимир Путин Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелерімен жедел кездесу өткізді. Бұл туралы Кремль баспасөз қызметі хабарлады.
«Минск уағдаластығын имплементациялау барысы егжей-тегжейлі талқыланды», - делінген хабарламада.
Росбалт хабарлағандай, бірқатар өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелер талқыланды.
Күн тәртібінен тыс В. Путин Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерін президент әкімшілігі қызметкерлерінің жалақысы 10 пайызға қысқаратыны жайлы хабардар етті.