В. Путин Дағыстан президенттігіне үш кандидатты ұсынды
АСТАНА. 19 тамыз. ҚазАқпарат - Ресей Президенті Владимир Путин Дағыстан Республикасы халықтық жиналысының қарауына республиканың президенттігіне үш кандидатты ұсынды. Бұл туралы ВВС хабарлады.
Атап айтқанда, олардың арасында Дағыстан Президентінің уақытша міндетін атқарушы Рамазан Абдулатипов, республика Есеп палатасының төрағасы Малик Баклиев және Дағыстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Уммупазиль Омаров бар.
Қаңтардың аяғында В. Путин бұл елдің Президенті болған Магомедсалам Магомедовтың өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойып, президенттің міндетін атқарушы етіп Рамазан Абдулатиповты тағайындады.