В.Путин Федералдық ғарыш агенттігін таратты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Президенті Владимир Путин Федералдық ғарыш агенттігін тарату туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Кремльдің сайтынан.
None
None

Құжатта оның орнына ғарыштық мемлекеттік корпорация құрылатыны туралы жазылған.

«Роскосмос» ғарыш қызметі бойынша Мемлекеттік корпорациясы» туралы Федералдық заңына сәйкес 2015 жылдың 13 шілдесінен бастап Федералдық ғарыш агенттігін таратуға қаулы етемін», - делінген Жарлықта.

Сондай-ақ онда агенттіктің қызметіне қатысты құжаттар енді «Роскосмос» ғарыш қызметі бойынша мемлекеттік корпорациясына қатысты қолданылатыны айтылған.

Жарлық 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді, деп жазады ТАСС.

Соңғы жаңалықтар