В.Путин: Газ транзиті мен газ жеткізілімінің бағалары нарыққа сай болуы керек

КИЕВ. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат – Украина газ үшін нарықтық баға бойынша төлеуі керек, ал Ресей транзит үшін нарықтық баға төлеуге әзір.
None
None
Бұл туралы Ресей премьері Владимир Путин шетелдік БАҚ өкілдерімен болған кездесуде мәлім етті. Путиннің айтуынша, Украина келісімді орындамай отырғандықтан, «ол нарықтық бағамен төлеуі керек». Сонда ғана Ресей транзит үшін нарықтық баға ? 100 шақырымға 1 мың текше метр үшін 3, 4 доллардан төлеуге дайын, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. В.Путин өз сөзінде, «қалыпты өркениетті нарықты қатынасқа» ауысудың қажеттілігін ерекше атап көрсетті. Көршілерге қарағанда, газды арзандау бағамен алуымыз керек деп санайтын Украинаның пікіріне таңданысын білдірген Ресей премьерінің пайымдауынша, бұл көрші елдердің экономикасының жекелеген салаларына тікелей әсер етіп, оларды бәсекеге қабілетсіз етеді. Ресей премьері сондай-ақ қалыптасқан бүгінгі жағдайда энергетикалық шикізаттың жеткізілімін әртараптандыру қажеттілігін атап көрсетті.
Соңғы жаңалықтар